kobelek effekti - zaq lyrics
[«kobelek effekti» әнінің тексті]
[қайырма]
бұл — «көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
«көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
[шумақ 1]
кішкентай атомдар көзге көрінбейді, бірақ істейді ең үлкен жарылыс
ғарыш іште, биікте емес — біз жұлдыздың шаңымыз
жоқ шектеу – бар заңдылық
бол — берік ұстанымыңа
жол дер кезде ашылады
сонда сен кідірме тек
бұл біздің өмір — мектеп
сен бірінші сүрінгенде
ашылады түрлі беттер
сенбегендер мен жауларыңды ұста төңіректе
жеткенде төбеге сен, олар да көміледі, е
олар білмейді өздері маған көмектесетінін
ертең менің қаламым оларды да тесетінін
әрдайым ұйқастардың арасында жеке өшім
өзімнің арымнан бөлек енді жоқ тежеуішім, b*tch
мен «екі есе бәрімен ерегесе, биікте қысым өседі», — деп
жүрген кезімде, сен мені жек көрмесең, мен бұл жерге жетпес ем, бәлкім…
[қайырма]
бұл — «көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
«көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
[шумақ 2]
таңдаулар пазл тәріздес өмір суретін жинайды
жаныңның автопортреті немесе артхаус*шимай
ал мен өзімдікін істедім, сол үшін өзімді сыйлаймын
тым бөлек әлемде жападан*жалғыз секілді соңғы джедай
жанымның шытынаған жерлерінен өткіземін жарық
бүкіл жер шары немесе тек бір жүрек шағын
одан алып жатса жалын, онда мәні бар бұл бәледе
орным бар бұл әлемде, жалғастырамын сол мәнерде
«сен әлі өспедің, түсінбедің әзірге
ертең армандарың айналады әзілге»
дегендер болды, болады, бар қазір де
бірақ мен үшін тек таңғы ас мәзірде
мен «екі есе бәрімен ерегесе, биікте қысым өседі», — деп
жүрген кезімде, сен де маған сенбесең, мен бұл жерге жетпес ем, бәлкім…
[қайырма]
бұл — «көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
«көбелек эффекті»
шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
«көбелек эффекті»
ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
[аутро]
«көбелек эффекті»
Random Song Lyrics :
- sinner - axewitch lyrics
- just getting started - jaystaxx lyrics
- dagegen sein - loikaemie lyrics
- научился летать (learned to fly) - verbee lyrics
- e no matter - davido vmw lyrics
- loin d'ici - angélina nava lyrics
- ye x 4 - blxckie & nasty c lyrics
- that's nice - fling lyrics
- clover eyes - alyssa hall lyrics
- good 4 u - olivia rodrigo lyrics