көрмейді (körmeydi) - qarakesek lyrics
[«көрмейді» әнінің тексті]
[шумақ 1]
даламның гүлі қырмызы
көгімнің жарық жұлдызы
көңілге қаяу қалдырды
“ел орда” жақтың бір қызы
парламенттен бе теңдесі
самұрықтан ба теңгесі?
“бәйтерегіндей” сол жақтың
көк тірейді екен кеудесі
алтыннан ба екен ауласы
ақ сүттен бе екен саунасы
кең тынысымды тарылтты
“ақ орда” сынды аурасы
[қайырма]
көзінде шайдай аспаны
көрмейді айдан басқаны
сырымды сыртқа итеріп
жырымды жыртып тастады
[шумақ 2]
қайтарды қалын бетімді
паңданып сыйын кетірді
патшамен бірге күн сайын
шай ішіп журген секілді
тәкаппар қыздығ болжамы:
тек өзі бай да, олжалы
түсінбейді екен бір*бірін
есілдің оң жақ, сол жағы
есімнен танып мен бейбақ
жүрмейін енді жан қинап
депутат құмар қыздарға
емес екенмін кандидат
[қайырма]
көзінде шайдай аспаны
көрмейді айдан басқаны
сырымды сыртқа итеріп
жырымды жыртып тастады
Random Song Lyrics :
- i'm the kind of man that baby you can trust - moby grape lyrics
- pop a pill - txcka lyrics
- qué esperas de mí* - amaia lyrics
- sure shot - skiggy rapz lyrics
- zayzay - fouki lyrics
- timboektoe - agricola lyrics
- punch it, punk! - ferry (vocaloid) lyrics
- hypnxsis - wekt cult lyrics
- υπερβολές (ipervoles) - eirini papadopoulou lyrics
- bayonet - curtis mcmurtry lyrics