lirikcinta.com
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

atajurt (из к/ф «лето 1941 года») - ​jeltoksan. lyrics

Loading...

[«atajurt» әндері]

[жұп 1: jeltoksan.]
о, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (м*м*м)
шіліңгір ыстық, сұп*суық айдың нұрында
қайғыдан*мұңнан жердің де жүзі қабарды
сен туып*өскен, бабалар өткен бұрында

[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп

ай*и*и*и*и
ай*и*и*и*и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай*һай, ай*һай, даридай
күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (ай)
төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
таппады тыным астында айдың қай батыр? (ай)

таппады тыным астында айдың қай батыр?

[жұп 2: hey monro]
кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (м*м*м*м*м)
түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (ай)
отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
ажал да алыс арайлап атса әр таңың

[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп

ай*и*и*и*и
ай*и*и*и*и

[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай*һай, ай*һай, даридай
сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (ай)
[аутро: jeltoksan.]
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын

Random Song Lyrics :

Popular

Loading...